Accessibility links

Қазақстанда ресейлік төрт интернет дүкеннің сайты бұғатталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрлігі республика аумағында ресейлік төрт танымал кітап дүкенінің сайты "тыйым салынған әдебиетті жариялағанына" байланысты бұғатталғанын хабарлады.

Министрлік ақпаратына қарағанда, Қазақстан соты экстремистік деп танып, елге кіргізуге, басып шығаруға және республика аумағында таратуға тыйым салған "Ислам ақидасы" кітабы eksmo.ru сайтына салынған.

Астана соты экстремистік деп танып, Қазақстан территориясына кіргізуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салған, Шамсудин Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Кайим аль-Жаузия жазған "Әл-Фауаид" ("Пайда") кітабы eksmo.ru, ozon.ru, labirint.ru және book24.ru сайттарына салынған.

Бүгін қазақстандық қолданушылардың "Эксмо", Ozon, "Лабиринт" және Book24.ru дүкендерінің сайттарына кіруіне шектеу қойылған. Сонымен қатар Қазақстанда ресейлік pikabu.ru әлеуметтік желісі де бұғатталған. Министрлік ақпаратына қарағанда, ол сайтта Владимир Истарховтың Қазақстанда тыйым салынған "Удар русских богов" кітабы пайда болған.

Министрлік аталған әкімшілік басшылықтарымен сөйлесіп жатқанын және тыйым салынған материалдар жойылса сайттар Қазақстан аумағында қайта ашылатынын мәлімдейді. БАҚ-тың хабарлауынша, ozon.ru интернет дүкенінің өкілі сайт Қазақстанда тыйым салынған кітапты сатуды тоқтатқанын айтқан.

XS
SM
MD
LG