Accessibility links

Ақ үй: Трамп Вьетнамда Путинмен кездеспейді


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин.

"АҚШ президенті Дональд Трамп 10 қарашада Вьетнамда өтетін Оңтүстік-Шығыс Азия елдері саммитінің аясында Ресей президенті Владимир Путинмен кездеспейді" деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз қызметі.

"Путинмен ешқандай кездесу нақтыланбаған және екі жақтың кестесі де бір-біріне сай келмейтіндіктен кездесу болмайды" деді Ақ үй баспасөз хатшысы Сара Сандерс 10 қарашада Трамп ұшағы Вьетнамның Дананг қаласы әуежайына қонатынның алдында журналистермен әңгімесінде.

Путиннің сыртқы саясат бойынша көмекшісі Юрий Ушаков 9 қарашада Вьетнамдағы Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитінің аясында Трамп пен Путиннің кездесуі "келісіліп жатқанын" мәлімдеген. "Кездесу 10 қарашада өтуі әбден мүмкін" деген Ушаков. Бірақ АҚШ мемлекеттік хатшысы Реккс Тиллерсон 9 қарашада кездесу туралы ешқандай шешім қабылданбағанын айтқан.

"Ешқандай келісім болған емес, әрине, екі жақты түрде де" деді Тиллерсон формальді екі жақты кездесуді меңзеп.

"Біз ресейліктермен бірқатар күрделі мәселеде бірге жұмыс істесіп жатырмыз" деді Дональд Трамптың Азия елдеріне сапарында онымен бірге жүрген Рекс Тиллерсон. "Біз олармен байланыс ұстап отырмыз және формальді түрде кездесуге ілік болатындай талқылайтын маңызды мәселе болса онда екі ел басшылары кездеседі" деді Тиллерсон.

АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынасы Мәскеудің Украинағ қарсы басқыншылығына және АҚШ-тағы 2016 жылғы президент сайлауына ықтимал килігуіне байланысты шиеленісіп кеткен.

Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кіріскен қаңтардан бері Путинмен жүзбе-жүз бір-ақ рет, шілдеде Германияда өткен G20 елдерінің саммитінде кездескен.

XS
SM
MD
LG