Accessibility links

RT: АҚШ-та шетел агенті ретінде тіркелуге мәжбүрміз


Маргарита Симонян, Russian Today телеарнасының бас редакторы.

Ресейдің мемлекеттік Russian Today (RT) телеарнасы АҚШ-тағы бөлімін шетел агенті ретінде тіркейтінін, бірақ бұлай істеуге міндеттеген АҚШ билігін сотқа беретінін мәлімдеді.

RT ресми сайтында таратқан мәлімдемесінде АҚШ әділет министрлігі телеарнаға 13 қарашаға дейін шетел агенті ретінде тіркелуге мұрсат бергенін айтты. Телеарна бұған қоса 79 жылдан бері қолданылып келе жатқан Шетел агенттерін тіркеу туралы заң бойынша тіркелу өзінің АҚШ-тағы қызметін тоқтатуға әкеліп соқтыратынын айтады.

RT телеарнасына шетел агенті ретінде тіркелуді талап еткенін растаудан, немесе жоққа шығарудан бірнеше рет бас тартқан АҚШ әділет министрлігі Азаттыққа бұл мәселеге қатысты комментарий беруден жалтарды.

RT бас редакторы Маргарита Симонян егер телеарна қайта тіркелмесе қызметкерлері тұтқындалуы мүмкін деп қауіптенетінін айтты. "Біз мәселенің мұндай салдары мен шетел агенті ретінде тіркелуді саралай келіп, тіркелуді таңдауға мәжбүр болдық. Әрине, біз бұл талапқа үзілді-кесілді қарсымыз" деді Симонян. Ол RT бұйрыққа сотқа шағымданатынын айтады.

Ал Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова 9 қарашада "Россия 1" телеарнасына АҚШ-тың RT телеарнасына қарсы әрекеттеріне жауап шараларын келесі аптада қабылдай бастайтынын мәлімдеді. Ол жауап "Ресей заңдарына сай" жасалатынын ғана айтты.

Шетел агенттерін тіркеу туралы заң АҚШ-та шетел үкіметтеріне "саяси немесе квази-саяси мақсатта" жұмыс істейтін адамдарды әділет департаментінде тіркеуді талап етеді. Заң 1938 жылы нацистік үгіт-насихатпен және АҚШ-та таралатын жалған ақпараттармен күресу үшін қабылданған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG