Accessibility links

Могериниді Самарқанда ОA-дағы сөз бостандығын қозғауға шақырды


Федерика Могерини, ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары.

"Шекарасыз тілшілер" (Reporters Without Borders - RSF) халықаралық ұйымы Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могериниді Самарқандта Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерімен кездесуінде аймақ елдеріндегі адам құқықтары мен сөз бостандығы мәселелеріне баса назар аударуға шақырды.

RSF 10 қарашада Могериниге жазған хатында оған ЕО мен Орталық Азия елдерінің қарым-қатынасында аймақтағы адам құқықтарының жайына, оның ішінде Қазақстандағы журналистер мен тәуелсіз БАҚ-тың ахуалына басымдық берудің аса қажеттігін айтады. "Біз әсіресе, сіздің назарыңызды аймақтағы журналистер мен баспасөздің қорқынышты жағдайына аударғымыз келеді: Қырғыз медиасында плюрализм барына қарамастан, аймақтағы сөз бостандығының жалпы жай-күйі жақсы емес. Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан және Тәжікстан жыл өткен сайын RSF-ның әлемдегі сөз бостандығы индексінде төмендеп барады және авторитарлық тенденциялар ұлғайып келеді" делінген хатта.

Ұйым Қазақстанда тәуелсіз басылымдардың көбіне 2013 жылы тыйым салынып, қалғаны сот арқылы салынған айыппұлдар әсерінен жабылып қалғанын, ал жаңа ашылған тәуелсіз баспасөзді бірнеше ай ішінде жауып тынатынын айтады. RSF бұған қоса Могериниге журналистердің жиі тұтқындалатынын, интернеттің бақыланатынын, ақпарат агенттіктері мен әлеуметтік желілердің жиі бұғатталатынын жазды. Ұйым мысал ретінде биыл қыркүйекте Қазақстан сотының оппозицияшыл журналист Жанболат Мамайды "мемлекеттен жымқырылған қаржыны заңдастыруға қатысты" деп айыптап, бас еркіндігін үш жылға шектеп, үш жыл журналистік қызметпен айналысу құқығынан айырғанын келтіреді.

Оқыңыз: Жанболат Мамай бас бостандығы шектеліп, босап шықты

Самарқанда 10-11 қарашада ЕО мен Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерінің жыл сайынғы 13-кездесуі өтіп жатыр. Могерини Самарқанға сапарына дейін, 9 қарашада Бішкекке сапарлап барған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG