Accessibility links

Германияда коалициялық келісім жобасы қаралып жатыр


Германия канцлері Ангела Меркель. Берлин, 24 қыркүйек 2017 жыл.
Германия канцлері Ангела Меркель. Берлин, 24 қыркүйек 2017 жыл.

Германияда коалициялық үкімет құрамына кіруге үмітті саяси партиялар Солтүстікатлантикалық келісім мен трансатлантикалық байланыстарға бейіл екендерін, сонымен бірге Ресеймен жақсы қарым-қатынаста болуды құптайтындарын білдірген. Бұл туралы журналистер танысқан мәлімдеме жобасына сілтеме жасап Reuters хабарлады.

Үш беттен тұратын құжатты Германия канцлері Ангела Меркель жетекшілік ететін консерваторлар, еркін демократтар партиясы мен жасылдар партиясының өкілдері қарайды. Жобада әлемді ядролық соғыс қаупінен арылту үшін бірлескен іс-қимыл және ядролық қарудан бас тартуға бағытталған дипломатиялық іс-әрекет туралы кең көлемді келісім жасау қарастырылған.

Бірлескен мәлімдеме жобасында коалициялық келісімге қатысушы партиялардың қару-жарақ экспортын азайтуға қол жеткізу туралы келісімге келгені және "қару-жарақ экспорты саласындағы еуропалық біреге саясат" әзірлеу туралы бастама көтеруге әзір екендері айтылған.

Құжатта халықаралық сауданың маңызы атап көрсетілген және Дүниежүзілік сауда ұйымының рөлін нығайтуға шақырған жолдар бар.

Германияда 24 қыркүйекте өткен парламент сайлауында канцлер Ангела Меркельдің консерваторлық одағы көпшілік дауысқа ие болған.

XS
SM
MD
LG