Accessibility links

Ресейлік БАҚ: Трамп пен Путин Сирия жайлы бірлескен мәлімдеме жасады


АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин Оңтүстік-Шығыс Азия елдері саммиті кезінде қысқа уақыт жүздесті. Дананг, Вьетнам, 11 қараша 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин Оңтүстік-Шығыс Азия елдері саммиті кезінде қысқа уақыт жүздесті. Дананг, Вьетнам, 11 қараша 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан Оңтүстік-Шығыс Азия елдері саммитінде қысқа жүздесуден кейін Сирия бойынша бірлескен мәлімдемені мақұлдады деп хабарлады бүгін Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковке сілтеме жасап ресейлік баспасөз құралдары.

Мәлімдемеде лидерлер "Ислам мемлекеті" экстремистік тобын жеңуге бірлесе күш-жігер жұмсауды жалғастыруға келіскені, сонымен бірге Таяу Шығыста қауіпті жанжалға ұрынбас үшін байланыс арналарын орнатуға уағдаласқаны туралы айтылған деп хабарлайды ресейлік ақпарат агенттіктері.

Песковтің сөзінше, аталған мәлімдеме президенттердің Данангтегі саммит кезіндегі кездесуіне арнайы дайындалған. Мәлімдемеде тараптар Сирияның егемендігіне, тәуелсіздігіне және территориясының тұтастығына бейіл екендерін білдіріп, Сириядағы жанжалды БҰҰ-ның қолдауымен Женева процесі аясында саяси жолмен реттеуге шақырған деп хабарлайды ресейлік агенттіктер.

АҚШ пен Ресей президенттері Сирияда алтыншы жыл бойы жалғасып жатқан азамат соғысын шешудің әскери жолы жоқ екендігіне келіседі делінген мәлімдемеде. Трамп пен Путин 11 қарашада Оңтүстік-Шығыс Азия елдері саммитіне қатысушылар топ болып суретке түсуге бара жатқанда жүздесіп, қол алысып амандасқан.

XS
SM
MD
LG