Accessibility links

Трамп пен Путин Сирия бойынша келісімді маңызды деп атады


АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Дананг, Вьетнам, 11 қараша 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Дананг, Вьетнам, 11 қараша 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Сирия бойынша жасалған келісім көп адамның өмірін сақтап қалады деп санайды. Бұл туралы ол 11 қарашада Вьетнамда Оңтүстік-Шығыс Азия елдері саммитінде ресейлік әріптесімен кездесуден кейін мәлімдеген. Путин аталған келісімді "аса маңызды" деп атаған.

"Біз тез келісімге келдік. Бұл өте көп адамның өмірін сақтап қалады", - деген Трамп сенбі күні саммит өткен Дананг қаласынан ұшақпен Вьетнам астанасына бара жатқан кезде журналистерге.

Кремль баспасөз қызметі АҚШ пен Ресей басшылары "бірлескен мәлімдеме" туралы келіскені туралы ақпарат таратқан. Саммит аяқталған соң журналистерге берген сұхбатында Путин бірлескен мәлімдеме "өте маңызды" және ол терроризммен күрес принциптерін растайды деп айтқан. Кремльдің хабарлауынша, Трамп пен Путин Сириядағы дағдарыс саяси жолмен реттелуі тиіс деген келісімді қуаттаған және "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қарсы күреске күш салуды жалғастыруға уағдаласқан. "Ресей мен АҚШ Сириядағы жанжал әскери жолмен шешілмеді дегенмен келіседі" делінген мәлімдемеде.

XS
SM
MD
LG