Accessibility links

Барселонада шеруге шыққандар сепаратистерге қолдау білдірді


Каталония аймағы атқару билігі басшылығынан шеттетілген Карлес Пучдемон. 3 қараша 2017 жыл
Каталония аймағы атқару билігі басшылығынан шеттетілген Карлес Пучдемон. 3 қараша 2017 жыл

Барселонада 11 қарашада жаппай шеруге шыққан тұрғындар Испанияның орталық билігі "бүлікке итермеледі" деп айыптаған Каталония тәуелсіздігін жақтайтын жергілікті саясаткерлерге қолдау білдірді. Барселон полициясының мәліметі бойынша, сенбі күнгі шеруге 750 мыңға жуық адам шыққан. Олар Мадридтің Каталонияны тікелей басқаруымен келіспейтіндерін айтып, Каталония үкіметінің қазір қамауда отырған бұрынғы сегіз министрін босатуды талап еткен.

Сонымен бірге олар Мадрид қызметтен шеттеткен Каталония аймағы атқару билігінің бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон мен тағы төрт каталондық саясаткерді тұтқындау туралы Еуропа Одағы көлемінде заңды күші бар ордердің күшін жою туралы талап қойған. Мадрид аталған бес саясаткерге іздеу жариялаған.

Испания прокуратурасы каталониялық саясаткерлерге "бүлікке шақырған" және "мемлекет қаржысын ысырап қылған" деген айып тағып отыр.

11 қарашада Карлес Пучдемон Бельгия астанасы Брюссельден телеэфир арқылы Барселондағы шеруге қатысушыларға арнап сөз сөйлеген.

XS
SM
MD
LG