Accessibility links

Бахрейн мұнай құбырындағы жарылысты Ираннан көреді


Бахрейн картасы.
Бахрейн картасы.

Бахрейн мұнай құбырында болған жарылыс - Иранмен байланысы бар содырлардың ісі деп мәлімдеді. Сенбі күні Бахрейн сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемесінде құбырдағы жарылыс оқиғасын "қауіпті тероррлық шабуыл" деп атаған.

"Соңғы күндері еліміз куә болған терактілерді Ираннан берілген нұсқау бойынша, сол елмен тікелей байланысты жасалған" делінген мәлімдемеде.

10 қарашада мұнай құбырындағы жарылыстан кейін Бури елдімекені маңында өрт шығып, құбырға жақын орналасқан ғимараттарды бүлдірген. Әлі ешкім құбырдағы жарылысқа жауапкершілікті алған жоқ. Тегеран бұл жайында әзірше комментарий берген жоқ.

Тұрғындарының басым көпшілігі шиит мұсылмандарынан құралған Бахрейн корольдігін сүннит мұсылман әулет басқарып отыр. Кез-келген өзге пікірдегі адамды қуғын-сүргінге салатын мемлекетте жергілікті қарулы шиит топтарының шабуылы болып тұрады.

Үкімет шииттерді биліктің кемсітетіні туралы ақпаратты теріске шығарып, елдегі жағдайды ушықтырып отыр деп көрші Иранды айыптайды. Тегеран ол айыптауды мойындамайды.

XS
SM
MD
LG