Accessibility links

Трамп сайлауға араласу туралы істе арнайы қызметтерге сенетінін айтты


АҚШ президенті Дональд Трамп баспасөз мәслихатында сөйлеп тұр. Ханой, Вьетнам, 12 қараша 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп баспасөз мәслихатында сөйлеп тұр. Ханой, Вьетнам, 12 қараша 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп 2016 жылғы АҚШ президенті сайлауына Ресейдің ықтимал араласуы туралы істі тергеуде америкалық арнайы қызметтерге сенетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол 12 қарашада Вьетнам астанасы Ханойда журналистерге берген баспасөз мәслихатында хабарлаған.

Трамп мұны Ресей президенті Владимир Путинге сенетіні туралы сөзіне қатысты комментарий сұраған журналистерге жауабында айтқан. Сенбі күні Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің АҚШ-тағы сайлауға Кремльдің араласпағаны жайлы айтқанына сенетіні туралы мәлімдеген.

Бұған дейін Ақ үй басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында Оңтүстік-Шығыс Азия елдері саммитінде Ресей президентімен кездескені туралы комментарий жариялаған.

Трамп Путин екеуі Сирия мәселесін "жақсы талқылағаны" туралы жазған. Сонымен бірге Трамп Солтүстік Кореяға қатысты дағдарысты шешуге Путиннің көмегі мен Қытайдың жәрдеміне үміт артатыны туралы да жазған.

Бұдан өзге Трамп Ресей Сирия мен Украина мәселелерін реттеуге Ресей елеулі көмек жасайды деп үміттенетінін жазған.

АҚШ пен Ресей президенттері сенбі күні Вьетнамның Дананг қаласында өткен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері саммиті барысында кездескен. Олар Сириядағы жанжалды бейбіт реттеу бойынша бірлескен мәлімдемені қуаттап, "Ислам мемлекеті" экстремистік тобын біржолата жеңгенше оған қарсы күресті жалғастыру туралы уағдаласқан.

Вьетнамдағы саммит кезінде АҚШ пен Ресей президенттері ресми екіжақты келіссөз өткізген жоқ. Оған президенттердің "жұмыс кестесінің сәйкес келмеуі" себеп болғаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG