Бүгін Алматы облысы аумағында 4.7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 10:45 кезінде тіркелген жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстікке қарай 115 шақырым қашықтықта, 15 километр тереңдіктегі жер қабатында болған.
Сейсмологиялық орталық Күрті ауылында МSК-64 шкаласы бойынша 2 баллдық жер сілкінісі сезілгені туралы хабарлайды.