Accessibility links

АҚШ президенті Трамп Филиппинге барды


АҚШ президенті Дональд Трамп. Ханой, Вьетнам. 12 қараша 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп. Ханой, Вьетнам. 12 қараша 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Азия елдеріне сапарының соңында жексенбіде Филиппинге барды. Ол сонда Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ассоциациясының (АСЕАН) саммитіне қатысады. АСЕАН ұйымы құрылғанына 50 жыл толуына байланысты бүгін Филиппин президенті Родриге Дутерте ұйымдастырған салтанатты қабылдауда АҚШ президенті де болады деп хабарланды.

Осының қарсаңында Манилада бірнеше жүз адам Трамптың сапарына қарсылық акциясына шыққан. Филиппин астанасындағы наразылық шаралары 10 қарашада басталған. Бүгін наразылар АҚШ елшілігі алдындағы полиция тосқауылын бұзып өтуге әрекет жасаған. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, полиция демонстранттарды тарату үшін су шашқан.

Президент Трамп Филиппинге дейін Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея мен Вьетнамға сапармен барған.

XS
SM
MD
LG