Accessibility links

ИМ Сирияның Әбу-Кемаль қаласына қайта билік орнатты


Сирия үкімет күштері Дэйр әл-Зор қаласында "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының шебін атқылап жатыр. Сирия, 2 қараша 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Сирия үкімет күштері Дэйр әл-Зор қаласында "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының шебін атқылап жатыр. Сирия, 2 қараша 2017 жыл (Көрнекі сурет).

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы жексенбі күні Сирия үкіметі армиясы әскерінің шабуылын тойтарып, шекара бойындағы стратегиялық Әбу-Кемаль қаласын қайтадан бақылауына алған. Бұл жөнінде Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымы хабарлады. Сирия үкіметінің әскері Әбу-Кемаль қаласынан кері шегінген. Кейбір ақпараттарға қарағанда, қала шетінде қатты ұрыс болып жатыр.

9 қарашада Сирия үкіметінің күштері қаладағы ИМ қорғанысын бұзған болатын. Олар қалаға кіріп, жихадшылардың соңғы бекінісін алған еді. Жеңістен кейін, олар қаланы содырлардан тазарта бастаған. Қақтығыс аймағындағы дереккөздің хабарлауынша, Сирия әскері қаланы қоршауда ұстап тұр.

XS
SM
MD
LG