Accessibility links

Қоғамдық кеңес қатарында жастар азы айтылды


"Қазақстандағы қоғамдық кеңестер қатарында жастардың саны аз" деп мәлімдеді 13 қарашада Астанада өткен қоғамдық кеңестердің бірінші республикалық мәжілісінде дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев. Мұндай пікірді мәжіліске қатысқан саясаткер Ерлан Саиров та айтты. Қазақстан бойынша құрамында төрт мыңнан астам мүшесі бар 229 қоғамдық кеңес жұмыс істейді.

Қоғамдық кеңестердің сандық көрсеткіші туралы мәлеметте, 18-29 жас аралығындағы кеңес мүшелерінің саны – 123, 30 бен 45 жас аралығындағы мүшелердің саны – 842, 46-59 жас аралығындағы кеңес мүшелерінің саны – 1587 болса, 60 жастан жоғары кеңес мүшелерінің саны – 1503 екені көрсетілген.

Министр Ермекбаевтың сөзінше, кеңес мүшелігіне қабылдау жергілікті жерлерде шешіледі. Қоғамдық кеңес тәртібі бойынша, кеңес мүшелерінің құрамының үштен бірі мемлекеттік орган өкілдері, үштен екісі азаматтық қоғам өкілдері болуы тиіс.

Мәжіліске премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев, сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров, парламет депутаттары қатысты.

Бүгінге дейін қоғамдық кеңестерге 213 әкім мен 1300 жергілікті атқарушы орган басшылары есеп берген.

Қоғамдық кеңестер 2016 жылы түрлі деңгейдегі мемлекеттік шешімдерді қабылдауға азаматтық қоғам өкілдерін қатыстыру мақсатында құрылған.

XS
SM
MD
LG