Accessibility links

Өзбекстан Орталық Азиядағы ең ірі ГЭС салуды бастады


Су электр станциясы (Көрнекі сурет).
Су электр станциясы (Көрнекі сурет).

Өзбекстан Орталық Азиядағы ең ірі су нысаны - Пскем ГЭС-ін тұрғызу үшін жобалау жұмыстарын бастап кетті. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жаңа су электр станциясы Ташкенттің Бостандық ауданындағы Пскем өзені бойында салынады. Қуаты жөнінен ол Өзбекстандағы Чарвак ГЭС-інен кейінгі екінші ірі су электр станциясы болады. Оның қуаты - 400 МВт, ал орташа жылдық электр қуаты – 900 миллион киловатт/сағатты құрайды.

Жобаның жалпы құны 800 миллион доллардан асады деп болжанған. Оның басым бөлігін Өзбекстан өзі қаржыландырады. Бұған қоса, "Эксимбанктен" 240 миллион доллар несие алынбақ.

"Жаңа станция Ташкент облысын электр қуатымен қамтамасыз етіп қана қоймай, жүйедегі жүктемені түсіруге көмектеседі. Сонымен бірге, ол аграрлық секторды сумен толықтай қамтамасыз етеді" деді "Өзбекгидроэнерго» компаниясындағы дереккөз.

Қазір Өзбекстанда 430 өзен бар. Жыл сайын республикада 60 миллиард киловатт/сағат электр қуаты өндірілсе, соның 6,5 миллиарды ГЭС-тердің үлесіне тиесілі.

XS
SM
MD
LG