Accessibility links

Иран: Зілзала құрбандары саны артты


Керманшах провинциясында зілзаладан қаза тапқандарды жоқтап жатқан тұрғындар. Иран, 13 қараша 2017 жыл.
Керманшах провинциясында зілзаладан қаза тапқандарды жоқтап жатқан тұрғындар. Иран, 13 қараша 2017 жыл.

Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, Иракпен шекарадағы аймақта болған қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 400-ден асып, жараланғандар саны 7000-ға таяп қалды.

Иран ішкі істер министрлігі бұған дейін құрбандар мен жараланғандардың көпшілігі Керманшах провинциясында екенін хабарлаған. Қуаты 7,3 магнитудаға жететін зілзала дүмпуі Түркиядан Кувейтке дейінгі аймақта сезілген.

Ирак ресми органдарының хабарлауынша, зілзаладан кем дегенде сегіз адам қаза тауып, 320 адам жараланды. Ирак ішкі істер министрлігінің өкілі бригада генералы Саад Маан құрбандардың барлығы Ирактың солтүстік бөлігіндегі Күрдістан автономиясында қаза тапқанын айтты.

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи мемлекеттік органдар мен құтқару қызметтерін зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуге шақырды. Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади азаматтық қорғаныс күштері мен олармен байланысты органдарға табиғи апатқа қатысты тиісті шаралар жасауға тапсырма берді.

XS
SM
MD
LG