Accessibility links

Украин босқындары жайлы жазған Тверь блогері сотталды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

"ВКонтакте" әлеуметтік желісінде Ресейдің украин босқындарына көмектесу үшін қаржы жұмсап отырғанына наразы пост жазған Тверь блогері Анатолий Плешанов бір жыл шартты жазаға кесілді. Блогер жазбасы 2014 жылы желідегі "Конаково и Конаковский район" тобында жарияланған.

25 жастағы Плешанов постын Санкт-Петербургте жүріп жазған соң істі қараған жергілікті сот 13 қарашада оны "араздық не жеккөрініш қоздыру" айыбымен бір жыл шартты түрме жазасына кесті. "Фонтанка" веб-басылымының хабарлауынша, істі федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) тексерген. Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында сот шешіміне "көңілі толатынын" мәлімдеген.

Ресей федералдық көш-қон қызметінің мәліметінше, 2014 жылы Донбаста қарулы қақтығыс басталғанда Ресейге 800 Украина азаматы қашқан. Босқындардың тамағы мен қоныстануына миллиондаған рубль қаржы жұмсалған. Кейбір Ресейге қашқан украиналықтардың уәде етілген баспана мен жұмысқа жете алмағандары да белгілі.

Соңғы жылдары Ресейде әлеуметтік желілердегі комментарий, репост, жазбалары үшін жүздеген адам жауапқа тартылған. Олардың арасында оппозиция белсенділері мен жақтастары да бар. Көпшілігі ресейлік "ВКонтакте" желісіндегі жазбалары үшін жазаланған.

XS
SM
MD
LG