Accessibility links

ЕО-ның 23 елі қорғаныс серіктестігін кеңейтті


ЕО елдерінің серіктестік құжатын бекіту сәті. Брюссель, 13 қараша 2017 жыл
ЕО елдерінің серіктестік құжатын бекіту сәті. Брюссель, 13 қараша 2017 жыл

Еуропа Одағының 23 елі қорғаныс және әскери саладағы тұрақты серіктестігін кеңейту туралы құжатқа қол қойды. Мұндай шешімді ЕО елдерінің сыртқы істер және қорғаныс министрлері бекітті. Бұл жөнінде ЕО үкіметінің ресми сайты хабарлады.

Келісімге 2019 жылдың наурызында ЕО-дан шығатын Ұлыбритания қол қойған жоқ. Құжатты әзірше бектіпегендердің ішінде Дания, Ирландия, Мальта мен Португалия бар. Бұл елдер келісімге кейін қосыла алады. Құжат ЕО-ның қауіпсіздік және сыртқы саясат бойынша жоғарғы өкілі Федерики Могериниге және ЕО кеңесіне тапсырылды.

Келісім қорғаныс саласының бюджетін тұрақты ұлғайтып отыру және бірлескен әскери жобаларға қатысуды көздейді. Германияның Welt басылымының хабарлауынша, мүше елдердің қорғаныс саласына деген қаражатының 20 пайызы инвестиция ретінде жұмсалып, екі пайызы зерттеу мен өндіріске шығындалуы қажет.

Жобалардың мақсаты - жаттығу миссиялары үшін сапа арттыру орталықтарын салу, әскери барлау қызметтерінің ақпарат алмасуын жақсарту, Еуропада әскери техниканың жүріп-тұруын жеделдету және әскери госпитальдарды ашу.

Келісім-шарт 11 желтоқсанда өтетін ЕО кеңесінің кездесуінде мақұлдануы қажет.

XS
SM
MD
LG