Accessibility links

Оралда оқушының орамал дауына қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау өтті


Заңгер Арман Әбдірашит (сол жақта) пен Орал тұрғыны Әсет Сұлтан №2 азаматтық істер сотында сот аяқталған соң. 13 қараша 2017 жыл.
Заңгер Арман Әбдірашит (сол жақта) пен Орал тұрғыны Әсет Сұлтан №2 азаматтық істер сотында сот аяқталған соң. 13 қараша 2017 жыл.

Орал қаласының азаматтық істер бойынша №2 сотында қала тұрғыны Әсет Сұлтанның №7 орта мектеп басшылығына қарсы шағымы бойынша негізгі сот процесіне алдын ала тыңдау өтті. Мектеп директоры Виктор Протасов мектептің ішкі жарғысы мен білім және ғылым министрінің "түрлі конфессиялардың діни элементтері бар киіммен мектепке кіргізбеу туралы" бұйрығына сілтеме жасап, бірінші сынып оқушысын сабаққа кіргізбей отыр.

Виктор Протасов сотта өздерінің талаптары "мектеп жарғысы мен ішкі тәртіпке толық сай келетінін" хабарлады. Ол бұған қатысты Азаттыққа комментарий беруден бас тартты.

Әсет Сұлтан бұл шектеуді заңсыз деп, соттан қызын сабаққа кіргізуді сұрайды. Оның сөзіне қарағанда, қызы мектеп формасына қоса қазақтың ұлттық бас киімі - кимешек киеді.

Шағымданушының адвокаты Арман Әбдірашит ішкі жарғы пунктері мен министрдің жарғысы Қазақстан Конституциясының "мемлекеттік мекемеде тегін орта білім алуға кепілдік беретін" және "орта білім алуға міндеттейтін" 30-бабына қайшы келетінін айтады.

Сотта адвокат пен шағымданушы сот процесі жүріп жатқан кезде оқушыны сабаққа жіберуді сұрап талап-тілек білдірді. Судья Гүлнәр Мұсаурова ол талап-тілекті қабылдамай тастады. Сотқа үшінші тарап ретінде қалалық білім бөлімінің өкілдері де шақыртылған. Бірақ олар сотқа келмеді.

Бұл шағым бойынша негізгі сот процесі 23 қарашаға белгіленді.

Бұл сотта 15 қарашаға тағы үш оқушы ата-анасының қаладағы №37 орта мектепке қарсы шағымы бойынша алдын ала тыңдау белгіленген. Мектеп басшылығы ол үш оқушыны да қазанның ортасынан бері сабаққа кіргізбей отыр.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG