Accessibility links

АҚШ-та жек көрушіліктен жасалған қылмыс көбейді


Африка методистері епистоптық шіркеуінің тоғыз мүшесін атып өлтірді деп айыпталған Дилан Руф сот залында тұр. Солтүстік Каролина, маусым 2015 жыл.
Африка методистері епистоптық шіркеуінің тоғыз мүшесін атып өлтірді деп айыпталған Дилан Руф сот залында тұр. Солтүстік Каролина, маусым 2015 жыл.

АҚШ-та 2016 жылы жек көрушілік салдарынан жасалған қылмыс саны ұлғайған. Бұл жөнінде Федералдық тергеу бюросының жыл сайынғы есебінде хабарланды. Онда көбінесе ауғандықтар, еврейлер мен мұсылмандар шабуылға ұшырайтыны айтылады.

Өткен жылы жек көрушілік салдарынан жасалған 6121 қылмыс тіркелген. Федералдық тергеу бюросы статистикалық бөлімінің есебі бойынша, бұл сан 2015 жылғы көрсеткіштен 5 пайызға, 2014 жылғы көрсеткіштен 10 пайызға артық. Есепте нәсілдік, этникалық немесе рулық тегіне байланысты болған 3489 қылмыстық оқиғаның шамамен жартысында афро-америкалықтар шабуылға ұшырағаны келтірілген. Афро-америкалықтардан кейінгі орында зардап шеккендер қатарында ақ нәсілділер тұр.

Дінмен байланысты 1273 оқиғаның жартысына жуығында еврейлер зардап шеккен. Мұсылмандар діни жек көрушілік негізінде 307 рет шабуылға ұшыраған. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 19 пайызға көп, ал 2014 жылғы көрсеткіштен екі есеге көбейген. Сонымен қатар, лесби, гей, бисексуал және трансгендер қатысқан 1076 оқиға тіркелген, олардың үштен екісіне жуығы гомесексуалистерге қарсы бағытталған.

Есепте өткен жылы жасалған қылмыстардан тоғыз адам өліп, 24 адам зорланғаны айтылады. 5770 қылмыскердің 46 пайызы ақ нәсілділер, 26 пайызы афро-америкалықтар болған.

Есеп АҚШ құқық қорғау органдарының түрлі құрылымдары келтірген мәліметтер бойынша дайындалған.

XS
SM
MD
LG