Accessibility links

Сириядан Грозныйға бірнеше қазақстандықтың жеткізілгені хабарланды


Ирактан Шешенстанға арнайы рейспен жеткізілген әійелдер мен балалар ұшақтан түсіп жатыр. Грозный, қыркүйек 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Сириядан Грозныйға арасында Қазақстанның бес азаматы, Ресейдің 34, Өзбекстанның екі азаматы - барлығы 41 адам арнайы ұшақпен жеткізілді деп хабарлады Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Instagram парақшасында. "Сирияда құтқарылған әйелдер мен балалар кезекті арнайы рейспен жеткізілді. Олар әкелері мен күйеулерінің аңдаусыз жасаған қылмысынан соғыс аймақтарына түсіп қалған. Енді балалар мен олардың ата-аналары қауіпсіз жерде" деп жазды Қадыров.

Азаттық Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне бұл ақпаратқа қатысты комментарий алмақ болып хабарласқанымен, әзірге жауап ала алмады.

Қыркүйектің басында Қазақстан сыртқы істер министрлігі Ирактағы соғыс жүріп жатқан аймақтардан шығарылған Қазақстанның төрт азаматы Ресейдің көмегімен елге жеткізілгенін хабарлаған. Төрт азаматтың бірі - 1985 жылы туған әйел, қалған үшеуі - балалар. Сонымен қатар Қазақстан азаматтары - үш бала және олардың анасы, ресейлік әйел Грозныйға жеткізіліп, сонда тұрып жатқаны айтылған. Министрлік екі отбасы да Ақтау қаласының тұрғындары екенін айтқан.

Тамыздың 25-і күні СІМ Ирактың соғыс жүріп жатқан аймақтарынан Қазақстанның 14 азаматы шығарылғанын және оларды Қазақстанға эвакуациялауға дайындалып жатқанын хабарлаған болатын. 14 адамның біреуі ер, үшейі әйел, қалғаны - балалар.

24 тамызда Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Instagram-да Ирактың Күрдістан аймағындағы Таль-Афар қаласынан Ресейдің алты, Қазақстанның алты азаматы құтқарылғанын жазған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG