Accessibility links

Петропавлда "араздық қоздырған" тұрғын екі жылға сотталды


Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық соты. 14 қараша 2017 жыл (Көрнекі сурет).

"Петропавл қалалық соты қаланың 45 жастағы тұрғыны Сергей Хандогинді әлеуметтік желіде "ұлтаралық алауыздық қоздырды" деп айыптап, екі жылға соттады" деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Руслан Мұхамбетжановтың айтуынша, Сергей Хандогин "Одноклассники" әлеуметтік желісінде "тарихи фактілерді бұрмалайтын, қазақ ұлтының азаматтарына жағымсыз баға беретін пікірлер жазылған комментарилер" таратқан.

Бұл факт бойынша алынған жазба материалдарына психологиялық-филологиялық сот сараптамасы жасалған.

Руслан Мұхамбетжановтың айтуынша, сотталушы сот процесінде "кінәсін толық мойындаған".

Сотталушы жазасын қауіпсіздік дәрежесі орта деңгейдегі колонияда өтейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG