Accessibility links

Атамбаевтың қорытынды брифингі 20 қарашаға ауыстырылды


Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.
Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың президент ретіндегі қорытынды баспасөз конференциясы 20 қарашаға жылжытылды. Бұл туралы президент аппаратының ақпараттық саясат бөліміне сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз редакциясы хабарлады.

Бұған дейін Алмазбек Атамбаев журналистермен 15 қарашада кездеседі деп хабарланған еді. Брифингтің не себепті кейінге ысырылғаны айтылмады.

Алмазбек Атамбаев Қырғызстан президенті болып 2011 жылы 1 желтоқсанда сайланған. Биыл 24 қарашада Қырғызстанның жаңа президенті - Социал-демократиялық партиясының өкілі Сооронбай Жээнбековтің инаугурациясы өтеді. Ол 15 қазанда өткен сайлауда жеңіске жеткен.

Оқыңыз: "Атамбаев басшылықтан кетсе де саясаттан кетпейді"

Алмазбек Атамбаевтың өкілетті мерзімі 1 желтоқсанда аяқталады. Қырғызстанның 2010 жылы қабылданған конституциясы бойынша, бір адам президент болып алты жыл мерзімге бір-ақ рет сайлана алады.

XS
SM
MD
LG