Accessibility links

Ақтөбе облысында прокурор "пара берді" деген күдікпен ұсталды


Ақтөбе облысының прокуратурасы (Көрнекі сурет).
Ақтөбе облысының прокуратурасы (Көрнекі сурет).

"Ақтөбе облыстық прокуратурасының қызметкері Есентұр Қадыров ұсталды" деп хабарлады Қазақстан бас прокуратурасы Facebook парақшасында.

Бас прокуратураның мәліметінше, Есентұр Қадыров 13 қараша күні Ақтөбе қаласында ұсталған.

"Бас прокуратураның тергеу департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен бірлесе отырып, Қылмыстық кодекстің 367-бабында ("пара беру") көзделген қылмысты жасады деген күдікпен Е. Қадыровты ұстады. Е. Қадыров Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 131-бабына сәйкес Ақтөбе қаласындағы уақытша ұстау изоляторына жабылды" деп хабарлайды бас прокуратура.

Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі "тергеу мүддесіне байланысты" Қадыров туралы ақпарат беруден бас тартып отыр. "Прокурор Қадыров 2015 жылы облыстық прокуратурадағы 2-басқармаға жетекшілік етіп, лауазымды қызмет атқарған. Соңғы жылдары ол қайта тағайындалып, прокурорлық қызмет атқарып жүрді" дейді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

XS
SM
MD
LG