Accessibility links

АҚШ бас прокуроры: Клинтонға қатысты тергеу жүргізілуі мүмкін


АҚШ бас прокуроры Джефф Сешнс Конгрестегі тыңдауда. Вашингтон, 14 қараша 2017 жыл.
АҚШ бас прокуроры Джефф Сешнс Конгрестегі тыңдауда. Вашингтон, 14 қараша 2017 жыл.

АҚШ әділет министрлігі Uranium One компаниясын 2010 жылы Ресейдің "Росатом" корпорациясына сатудың мән-жайын тексеру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл жайында АҚШ бас прокуроры Джефф Сешнс Конгресте өткен тыңдауда мәлімдеді.

Бұған дейін республикашыл конгресмендер мен президент Дональд Трамп компанияны сату келісімін тексеруге шақырған. Олар сол кезде мемлекеттік хатшы болып тұрған Хиллари Клинтон компанияны сатуға келісімін беріп, заң бұзған болуы мүмкін екенін айтады. Демократтар мұндай айыпты Дональд Трамп командасының Кремльмен ықтимал байланысын тергеуден көпшілік назарын бұру әрекеті деп біледі.

Конгресте өткен жиында бас прокурор Джефф Сешнс Трамп штабы кеңесшілерінің бірінің Джордж Пападопулоспен сайлауалды кампаниясы кезінде кездескенін есіне түсіргенін айтты. Бұған дейін Пападопулос Федералдық тергеу бюросына жалған куәлік бергенін мойындаған. Іс материалдары бойынша, кеңесші 2016 жылы Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуін ұйымдастыруға уәде берген.

Сешнс бұған дейін берген жауабында Трамп пен Мәскеуге жақын адамдардың арасында әлдебір байланыс бары туралы білмейтінін бірнеше рет айтқан. Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына ықтимал килігуін арнайы прокурор Роберт Мюллер мен сенаттың барлау комитеті тергеп жатыр.

XS
SM
MD
LG