Accessibility links

Ресейде өзге ел БАҚ-тарын "шетел агенті" деп тіркеуді ұсынды


Петр Толстой (оң жақта), Ресей Мемлекеттік думасы төрағасының орынбасары.
Петр Толстой (оң жақта), Ресей Мемлекеттік думасы төрағасының орынбасары.

Ресей Мемлекеттік Думасы әділет министрлігіне Ресей аумағында жұмыс істейтін шетелдік БАҚ-тың барлығын "шетел агентіне" теңестіруді ұсынды. Бұл туралы Мемлекеттік дума төрағасының орынбасары Петр Толстой мәлімдеді.

Толстойдың сөзіне қарағанда, ел аумағында тіркелген шетелдік ақпарат құралдары немесе шетелден қаржыландырылатын БАҚ "шетел агенті" деп танылуы мүмкін. Шетел агенті деп танылған БАҚ өз өніміне белгі салуы тиіс. Бұл талап коммерциялық емес ұйымдар туралы заңда көрсетілген.

Толстойдың сөзінше, қандай шетелдік БАҚ шетел агенті ретінде тіркелуі тиіс екенін Ресей әділет министрлігі анықтайды. "Шетел агенті деп тіркеуден өтуден бас тартқандары Ресейде жұмыс істеу мүмкіндігінен айрылады" деді ол.

Мемлекеттік дума заңға өзгертулерді 15 қарашада қабылдауы мүмкін.

Ресей билігі бұл ұсыныс АҚШ-та Ресей қаржыландыратын Russia Today телеарнасын шетел агенті ретінде тіркеуге жауап шарасы екенін мәлімдейді. АҚШ Мемлекеттік департаменті елдегі шетел агенті туралы заң Ресейдегі шетел агенті туралы заңнан әлдеқайда өзгеше екенін және сөз бостандығын шектемейтінін айтады.

XS
SM
MD
LG