Accessibility links

Алматыда БЖЗҚ-ның бұрынғы басшысының соты басталды


Руслан Ерденаев, БЖЗҚ-ның бұрынғы басшысы.

Алматының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) бұрынғы басшылары мен жеке компаниялардың жетекшілері үстінен негізгі сот процесі басталды. Бұл іс бойынша сотқа БЖЗҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Руслан Ерденаевтан өзге қордың бұрынғы төрағасының орынбасары Дабыр Медетбеков, қордың қауіп-қатерді басқару департаментінің бұрынғы басшысы Мұса Бахтов, "АлатауМұнайАлтын" компаниясының бақылау кеңесінің төрағасы, "Бузгул Аурум" компаниясын құрған Бақытжан Кенжебаев, "Бузгул Аурумның" директоры Азат Найзағарин және "Мегатрансазия" компаниясы директорының бұрынғы орынбасары Талғат Тұртаев да сотқа тартылып отыр.

Прокуратура ақпаратына қарағанда, Руслан Ерденаев пара алды деп, ал Азат Найзағарин "пара беруге болысты" деп айыпталған. Талғат Тұртаев болса "пара алу, беруде делдалдық жасады" деп айыпталып отыр.

Тергеу тұжырымы бойынша, БЖЗҚ-нің лауазымды тұлғалары компания басшысынан БЖЗҚ-ның "БузгулАурум" компаниясының облигацияларын алу туралы келісім жасасқаны үшін аса ірі көлемде пара алған. Тергеу материалдарына қарағанда, қауіп-қатерді басқару департаменті бұған дейін "қауіп-қатер барын" айтып, "БузгулАурум" облигацияларына инвестиция салмауға кеңес берген.

2 қарашада болған алдын ала сот тыңдауында Руслан Ерденаевтің "айыбын мойындағаны" хабарланған.

БЖЗҚ-да жұмыс істейтін, зейнет жасына толмаған қазақстандықтардың міндетті зейнетақы жарнасы жиналады. Қор активтерін инвестициялау операцияларын тексеру 2016 жылы 21 желтоқсанда басталған.

AzattyqTV

AzatNews 15.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:14 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG