Accessibility links

Тәжікстанда медуниверситет проректоры "пара алғаны үшін" сотталды


Дилшод Солихов, Әбу Әли ибн Сина атындағы Тәжік мемлекеттік медициналық университетін
Дилшод Солихов, Әбу Әли ибн Сина атындағы Тәжік мемлекеттік медициналық университетін

Душанбе қаласы Фирдауси ауданының соты Тәжік мемлекеттік медициналық университетінің оқу жөніндегі проректоры Дилшод Солиховты аса ірі көлемде пара алғаны үшін сегіз жылға соттады. Сотталушының туыстары сот үкіміне шағым түсіретіндерін мәлімдеді.

Сот процесі кезінде Дилшод Солиховтың "абитуриентті 16 мың доллар үшін Үндістан азаматы ретінде оқуға қабылдауға уәде бергені" анықталды. Шетел абитуриенттері Ұлттық тестілеу орталығының орталықтандырылған емтихандарынан босатылады. Проректор ұсталып, оған қарсы қылмыстық іс қозғалған.

"Бұл оны көре алмаушылардың істеп отырған әрекеті. Біз міндетті түрде сот үкіміне шағым түсіреміз" деді проектордың туысы Шоди Сафаров. Оның пікірінше, сот адвокаттың "Солихов жала жабудың құрбаны болды" деген уәжін ескермеген.

Әбу Әли ибн Сина атындағы Тәжік мемлекеттік медициналық университетінде қазір шамамен 600 шетел студенті оқиды.

XS
SM
MD
LG