Accessibility links

Шымкентте сотталғандарды бейімдеу орталығы ашылды


Шымкенттегі сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу орталығы. 15 қараша 2017 жыл.

"Шымкентте 15 қарашад жазасын өтеп шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік және құқықтық қызмет көрсету орталығы ашылды" деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтуға арналған бейімдеу орталығы әлеуметтік, оның ішінде психологиялық, медициналық көмек көрсетумен бірге жұмыспен қамтуға және білім алуға көмектеседі.

Орталықтың ашылуына қатысқан облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтың айтуынша, жазаны атқару жүйесін дамыту көп жағдайда әлеуметтік бейімдеу жүйесіне байланысты. Жазасын өтеп шыққандар мен пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға қоғамның толық мүшесі болуы үшін жағдай жасалуы керек. Прокурор орталық "бір терезе" қағидасы бойынша жұмыс істейтінін айтады.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG