Accessibility links

Тәжікстанда "Көшбасшы шарапаты" газеті шықты


Тәжікстандағы газеттер (Көрнекі сурет).
Тәжікстандағы газеттер (Көрнекі сурет).

Тәжікстанның Шахринав қаласы әкімдігінің "Хакикати Шахринав" газеті атауын "Файзи Пешво", яғни "Көшбасшы шарапаты" деп өзгертті. Бас редактор Хикматулло Саттори газеттің ескі атауы "заман ағымына сай келмегенін" айтады.

- "Хакикати Шахринав" - совет дәуірінен қалған атау және соңғы жылдары басылым қызметкерлері жақсы атау іздестірді. Тіпті конкурс жарияланды. Сөйтіп "Көшбасшы шарапаты" деген атау таңдап алынды, - деді Саттори Азаттықтың Тәжік қызметіне.

Газет 1993 жылы құрылған, айына төрт, я алты рет шығады, тиражы - 2600. Газетте негізінен үкімет қаулылары мен үгіт-насихат материалдары басылады.

Ұзақ уақыт Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды жұрт "джаноби оли" ("жоғары мәртебелім") деп атап келген. Ал 2016 жылдың басында билікте 25 жыл отырған Эмомали Рахмон "пешвои миллат" - "ұлт көшбасшысы" атағын иеленген. Кейбір сарапшылар бұл тенденция елде мемлекет басшысына табыну культі пайда болып келе жатқанын көрсететінін айтады. Құқық қорғау ұйымдары Тәжікстанда билікті сынайтындардың қудаланып жатқанына назар аударып келеді.

XS
SM
MD
LG