Accessibility links

Сирияда тағы бір ресейлік ерікті қаза болды


Сириядағы Ресейдің әскери ұшақтары. Көрнекі сурет

Сирияда еріктілер құрған Вагнер қарулы жасағының сапында соғысқан ресейлік Юрий Эбель қаза тапты. Оның шығыс Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысқаны да хабарланған. Эбельдің Сирияда өлгені туралы Stolitsa-S атты Саранск басылымы оның туыстарына сілтеме жасап жария қылды.

Туыстарының айтуынша, 20 қазанда ішінде Эбель бар 18 ерікті оқ астында қалып, барлығы мерт болған. Ресейлік еріктінің туыстарына оның қазасы туралы хабар 1 қарашада жеткен. Эбельдің сүйегі кейін әкелінген. Өзге қаза болғандардың аты-жөндері аталмайды.

Conflict Intelligence Team (CIT) тәуелсіз зерттеу тобы Юрий Эбельдің әлеуметтік желідегі парақшасын тапқан. Онда ресейліктің мемлекеттік барлау басқармасына (ГРУ) қарайтын әскери бөлімшеде қызмет еткені жазылған. Эбельдің қызметтен қалай кеткені беймәлім.

Қазанның ортасында жарияланған CIT баяндамасына сәйкес Сириядағы қақтығыстар кезінде Вагнер тобының кемінде тоғыз еріктісі қаза болған. Ресейдің қорғаныс министрлігі Вагнер еріктілер тобының бар екенін және жасақ мүшелерінің қазасын мойындамай келеді.

AzattyqTV

Күре жол мал базарға айналатын күн
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG