Accessibility links

Мәскеу: Радио Свобода мен "Настоящее время" қызметі шектелуі мүмкін


Азат Еуропа/Азаттық Радиосы медиакорпорациясының Прагадағы кеңсесі.
Азат Еуропа/Азаттық Радиосы медиакорпорациясының Прагадағы кеңсесі.

Ресей әділет министрлігі Азат Еуропа/Азаттық Радиосының (АЕ/АР) Орыс редакциясы - Радио Свобода мен "Настоящее время" телеарнасына жұмыстарына шектеу қойылуы мүмкін екенін ескертті. Дәл осындай хатты АЕ/АР-ның тағы бір жобасы - Idel.Реалии сайты да алған.

15 қарашада Мемлекеттік дума өзге елдердің ақпарат құралдарын шетел агенті деп тануға жол ашатын заң жобасын бірауыздан мақұлдаған.

Әділет министрлігінің хатында нақты қандай шектеу жасалуы мүмкін екені айтылмаған.

Заң жобасына сәйкес, хабар тарататын кез келген шетелдік құрылым "шетел агенті" деп танылуы мүмкін. Депутаттар жаңа заң Ресейдегі шетелдік БАҚ жұмысына "кедергі болмайтынын" айтады.

Бұның алдында Мәскеу қаржыландыратын Russian Today телеарнасы АҚШ билігінің "шетел агенті" ретінде тіркелу талабын орындауға мәжбүр болғанын, бірақ бұл талапқа қатысты сотқа жүгінетінін мәлімдеген. Заң жобасы осыдан кейін даярланып, мақұлданды.

Вашингтон АҚШ-тағы шетел агенті туралы заң Ресейдегі осындай заңға тіпті ұқсамайтынын бірнеше мәрте мәлімдеген. "Азат Еуропа/Азаттық радиосы" медиакорпорациясының президенті Томас Кенттің мәлімдеуінше, "RT телеарнасы бағдарламаларын АҚШ-та кабельді телевидение арқылы таратады, ал Азаттық радиосына Ресейде мұндай мүмкіндік берілмеген".

Медиакорпорация әлемнің түрлы елдерінде шынайы ақпарат таратуды мақсат тұтады. "Біз журналистік жұмысымызды жалғастыра береміз" делінген корпорация мәлімдемесінде.

XS
SM
MD
LG