Қырғызстан территориясында бейсенбі күні таңертең қуаты бес магнитудадан асатын жер сілкінісі болды деп хабарлайды геологиялық қызметтер. Жерасты дүмпуі Алматыда да сезілді.
Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-методологиялық орталығының (СТМО) мәліметінше, қуаты 5,4 магнитудаға жеткен жер сілкінісі 16 қараша күні Астана уақыты бойынша сағат 7:42-де болды. Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 145 километрде, Қырғызстан территориясында тіркелді.
Еуропаның Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы Алматыдан оңтүстікке қарай, Қырғызстан территориясында магнитудасы 4,8-ді құраған жер сілкінісі болғанын хабарлады.
Алматының кейбір тұрғындарының хабарлауынша, әлсіз жерасты дүмпуі сезілген. СТМО мәліметінше, Алматыдағы жерасты дүмпуінің қуаты екі балд құрайды.