Accessibility links

Дариға Назарбаева СІМ Қоғамдық кеңесіне төраға болды


Дариға Назарбаева, Қазақстан парламенті сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы
Дариға Назарбаева, Қазақстан парламенті сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы

Қазақстан парламенті сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева сыртқы істер министрлігі қызметі мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес төрағасы болып сайланды.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Назарбаев жаңа төраға болып Қоғамдық кеңестің 15 қарашада өткен кезекті отырысында сайланған. Кеңесті бұған дейін сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова басқарған.

Назарбаева жиында Қоғамдық кеңестің басты мақсаты "сыртқы істер министрлігі мен азаматтық қоғам арасында тікелей байланыс орнату" болып қала беретінін айтты.

XS
SM
MD
LG