Accessibility links

Собчак сайлауға "Гражданская инициатива" партиясынан ұсынылады


Ксения Собчак, ресейлік тележүргізуші.

Ресейлік тележүргізуші Ксения Собчак президент сайлауына "Гражданская инициатива" партиясынан кандидат ретінде ұсынылады. "Гражданская инициатива" партиясының идеологиясы мен құндылықтары менің Ресей халқының болашағы, еркіндігі, адам құқықтары, Еуропа елі ретінде болашаққа ұмтылған Ресей туралы түсініктеріммен үйлеседі. Біз барлық демократиялық күштерді бірігуге шақыра береміз. Алауыздық пен іске аспаған менмендікті ұмытып, біріккен жағдайда ғана жеңіске жете аламыз" деп мәлімдеді Собчак.

"Гражданская инициатива" басшысы Андрей Нечаев те демократиялық партияны Собчактың айналасына топтасуға шақырды.

"Гражданская инициатива" саяси партиясы 2013 жылы құрылған. Партияны 1992-1993 жылдары Ресейдің экономика министрі болған Андрей Нечаев басқарады.

Ксения Собчак 18 қазанда президент сайлауына түскісі келетінін ресми түрде жариялаған. Ол өзін "барлық кандидатқа қарсы кандидат" деп атайды. БАҚ Собчактың сайлауға түсуіне президент әкімшілігінің қатысы бар болуы мүмкін екенін хабарлаған. Тележүргізушінің өзі Кремльмен байланысы барын жоққа шығарады.

Бұған дейін Собчакқа Халық еркіндігі партиясы (ПАРНАС) атынан президенттікке кандидат болу ұсынылған. Собчакты "Гражданская инициатива" атынан президенттікке ұсыну мәселесі партияның 20 желтоқсанда өтетін съезінде қаралады.

AzattyqTV

Мәскеуде адамдарды қағып өткен такси
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:20 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG