Accessibility links

Ресейлік миллиардер да Винчи картинасын рекордтық бағаға сатты


Дмитрий Рыболовлев, ресейлік миллиардер.
Дмитрий Рыболовлев, ресейлік миллиардер.

Леонардо да Винчидің "Әлемді құтқарушы" картинасы АҚШ-тағы Christie's аукционында рекордтық баға - 450 миллион долларға сатылды. Christie's аукцион үйінің хабарлауынша, картина ресейлік миллиардер Дмитрий Рыболовлевтің меншігінде болған.

Иса пайғамбардың Қайта өрлеу дәуіріндегі киіммен бейнеленген картинасы шамамен 1500 жылдары салынған. Ол Леонардо да Винчидің танымал 20 шақты туындысының бірі әрі жекеменшікте қалған жалғыз картинасы саналады. Картина ұзақ уақыт бойы қолды болды деп саналып келген. Дмитрий Рыболовлев 2013 жылы картинаны 127 миллион долларға сатып алған.

Forbes-тің мәліметі бойынша, Рыболовлев Ресейдегі ең бай адамдар тізімінде 15-орында тұр. Оның 7,3 миллиард доллар байлығы бар деп есептеледі. Рыболовлев 2013 жылға дейін "Уралкалий" компаниясының іс жүзіндегі иесі саналған. Миллиардер қазір "Монако" футбол клубына иелік етеді және Кипрдің ең ірі Bank of Cyprus банкі акциясын қадағалайды.

XS
SM
MD
LG