Accessibility links

Reuters: SCAT алты Boeing 737 MAX 8 ұшағын сатып алмақ


Boeing 737 ұшағы (Көрнекі сурет).
Boeing 737 ұшағы (Көрнекі сурет).

"Қазақстандық SCAT әуе компаниясы америкалық Boeing корпорациясынан алты Boeing 737 MAX 8 жолаушылар ұшағын сатып алу туралы келісімге қол қойды" деп хабарлады келіссөзге жақын дереккөзіне сілтеме жасаған Reuters агенттігі. Boeing пен SCAT Airlines арасындағы келісімге Дубайда өтіп жатқан Dubai Airshow 2017 халықаралық көрмесінде қол қойылған.

Құны 600 миллион доллар тұратын алты ұшақ сатып алу туралы келісім бейсенбі күні кешірек хабарланады деген болжам бар.

Дереккөзінің айтуынша, бас кеңсесі Шымкентте орналасқан SCAT бұдан өзге тағы бес Boeing 737 MAX 8 ұшағын сатып алу құқығына ие болған.

XS
SM
MD
LG