Accessibility links

Ресей Олимпиада комитеті Родченковты атып тастауға шақырды


Леонид Тягачев, Ресей Олимпиада комитетінің құрметті президенті.

Ресей Олимпиада комитетінің құрметті төрағасы Леонид Тягачев Мәскеудегі допингке қарсы зертхананың бұрынғы басшысы, Ресей спортында допинг жаппай қолданылатыны туралы айтқан Григорий Родченковты "атып тастауға" шақырды. "Кезіндегі Сталин сияқты, Родченковты жалған сөйлегені үшін атып тастау керек" деді Тягачев "Говорит Москва" радиосында.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) 2015 жылы Ресей спортында допинг қолдануды мемлекет қолдайтыны туралы есебін жариялаған. Бұл есептің даярлануына Родченковтың айтқандары да себеп болған. Бұл есептен соң Ресей допингке қарсы агенттігінің (РУСАДА) аккредитациясын тоқтатылған. 2017 жылы 16 қарашада WADA РУСАДА-ны "ұйым кодексіне сай емес" деп, аккредитациясын қалпына келтіруден бас тартқан. Кремль бұл шешімді "әділетсіз" деп санайды.

Родченко қазір АҚШ-та тұрады. Ресей соты оны қамауға алуға сырттай санкция берген.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG