Accessibility links

Лондонда постсоветтік акционизм туралы көрме ашылды


Саатча галереясында Pussy Icons картинасын қарап тұрған адам. Лондон, 15 қараша 2017 жыл.

Лондонда постсоветтік акционизм туралы көрме ашылды. Саатча галереясындағы экспозиция Совет одағы құлағаннан бергі ресейлік суретшілердің өнер арқылы қарсылық танытуы тақырыбына арналған.

Көрмеге қойылған экспонаттар арасында суретші Петр Павленскийдің суреттері бар. Франция банкіне өрт қойғаны үшін Парижде қамауда отырған суретшінің өзі Лондонға бара алмады.

Көрмеге сонымен қатар Pussy Riot панк-тобы да қатысып жатыр. 17 қарашада топ мүшелері Мәскеудегі Құтқарушы Христос ғибадатханасында Ресей президенті Владимир Путинге қарсы ән айтқаны, ол үшін қамалып, түрмеде отырғаны туралы "Pussy Riot ішінде" деп аталатын спектакль қояды. Көрмеге қатысатындар арасында суретші Олег Кулик, "Синие Носы" тобы мен AES+F бірплестігі бар.

Көрме Қазан төңкерісіне 100 жыл толған жылы ашылып отыр. Шараны ұйымдастырушылар экспозиция қарсылықтан бөлек совет кезеңі мен қазіргі заманның шығармашылық ой-еркін білдіру мәселесінде ұқсас екенін көрсететінін айтады.

AzattyqTV

Қазақстанда медицина сапасы қандай?
please wait

No media source currently available

0:00 0:14:41 0:00
XS
SM
MD
LG