Accessibility links

Алматыда "БҰҰ нөмірін" тағып алған көлік жүргізушісіне айыппұл салды


Алматыдағы жол-патруль полициясының көліктері (Көрнекі сурет).
Алматыдағы жол-патруль полициясының көліктері (Көрнекі сурет).

Алматыда көлігіне БҰҰ-ның жалған нөмірін тағып алған жүргізушіге полиция 68078 теңге айыппұл салды. Қалалық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, полиция жалған нөмір тағылған джип көлігін айып тұрағына жапқан.

Жалған нөмір тағылған Toyota Land Cruiser көлігі сыртқы істер министрлігінің хабарлауы бойынша, тұрғын үй кешенінің паркингінде ұсталған. Тексеру кезінде жеке адамға тиесілі көлікте қозғалып тұратын бейнені көруге арналған құрылғы (стробоскоп) мен дыбысты сигналдың орнатылғаны анықталған.

Жүргізушіге "көлік құралына жедел және арнайы қызметтердің арнайы немесе дыбыстық сигнал беретін құрылғыны орнату ережесін бұзу" бабы және "көлік құралына жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмір белгісін қасақана орнату" бабы бойынша 68078 теңге айыппұл салынған.

XS
SM
MD
LG