Accessibility links

БҰҰ шешімімен соң басталған азаптау туралы істі тергеу тоқтатылды


Дмитрий Тян (сол жақта) мен Олег Евлоев сот залында отыр. Астана, 31 наурыз 2009 жыл.
Дмитрий Тян (сол жақта) мен Олег Евлоев сот залында отыр. Астана, 31 наурыз 2009 жыл.

Астанада тергеу органдары тұтқын Дмитрий Тянге жасалған азаптау туралы істі сотқа дейінгі тегеуді тоқтатты. Тергеу БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің биыл 16 наурызда шығарған шешімі негізінде басталған. Тергеудің тоқтатылғанын Азаттыққа "Қадыр-Қасиет" ұйымының жетекшісі Анар Ибраева хабарлады.

Бұдан бұрын Астана прокуратурасының арнайы прокуроры Дмитрий Тянмен бірге сотталған Олег Евлоевке қатысты азаптау туралы істі тоқтатқан. Бұл іс те БҰҰ-ның азаптау жөніндегі комитенінің шешімі бойынша қозғалған. Евлоев пен Тян Астана соты шығарған бір үкім бойынша сотталған және әрқайсысы жеке Женеваға өздерін азаптағаны туралы шағымданған.

2009 жылы маусымда Астана соты астаналық кәсіпкер Марат Есемсейітовтің әйелі мен үш баласын қасақана өлтірді деген айыппен Дмитрий Тянді 25 жылға, Олег Евлоевті өмір бойына бас еркіндігінен айыру жазасын кескен. Ол екеуі де өздерін кінәсіз санап, сотқа дейінгі қамауда кінәсін мойындату үшін өздерін азаптағанын мәлімдеген.

Сот кезінде судья алқа сотынан бұл "жалаң шағымдарға" назар аудармауға шақырған. Полицияның олег Евлоевті ұстағанынан соң жазылған бейне жазбасын айыптау тарапы жоғалтып жіберген. Бейне жазбада Евлоев денесінің көгерген жерлері көрсетілгені айтылады. Олар өздерін азаптады деген шағымы тексерілмеген соң БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне шағымданған. Комитет кейін олардың құқықтары бұзылды деп тапқан.

Анар Ибраеваның айтуынша, БҰҰ комитеті Дмитрий Тянге қатысты шешімінде "соттың төрт мойындаудың қалай алынғанын дәлелдей алмағаны" көрсетілген. Құқық қорғаушы азаптау ісі бойынша тергеуді тоқтату туралы қаулыға шағымданатынын айтады.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің Тяннің ісі бойынша шешімінде "мемлекет шағымданушының азапталған туралы арызын тыңғылықты әрі нәтижелі тергеуге, егер ол дәлелденсе азаптауға кінәлілерді соттап, жазалауға міндетті екені" айтылған. Комитет мемлекет сонымен қатар шағымданушының ісі бойынша шыққан сот үкімін қайта қарап, сот тұтқынның қалай алынғаны тиісті түрде тексермеген мойындауын терістеп, оған өтемақы төлеуі" тиіс екенін айтады.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG