Accessibility links

Бішкекте митингіге тағы да уақытша тыйым салынды


Бішкектегі президент сайлауының әділ өтуін талап еткен митинг. 30 қыркүйек 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Бішкектегі президент сайлауының әділ өтуін талап еткен митинг. 30 қыркүйек 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Бішкекте көпшілік шараларын өткізуге уақытша тыйым салынды деп хабарлады Қырғызстанның Жоғарғы сотына сітеме жасаған Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

Жоғарғы сот ақпаратына қарағанда, Бішкектің Первомай аудандық ішкі істер басқармасы осы ауданның сотына көпшілік шараларға уақытша тыйым салуды сұраған. Милицияның өтініші 8 қарашада қанағаттандырылған.

Сот шешімінде Ақ үй, үкімет үйі, Орталық сайлау комиссиясы, Ала-Тоо алаңы, Жоғарғы сот пен қалалық сот ғимараттары алдында және Шыңғыс Айтматов ескерткіші жанында ресми мәдени-көпшілік шараларынан өзге митингі мен бейбіт акцияларға тыйым салынатыны айтылған. Тыйым 1 желтоқсанға дейін салынған. Сот уақытша тыйымды не үшін салғанын түсіндірмейді.

Акцияға шыққысы келетіндерге оны Максим Горький атындағы саябақта және Исанов көшесінде өткізуге рұқсат беріледі.

Бішкекте мұндай тыйым бұдан бұрын да, биыл 27 шілдеден 20 қазан аралығында салынған болатын.

XS
SM
MD
LG