Accessibility links

Белсенділер "Алаш жолы" қозғалысын жабу сотына бойкот жариялады


Мақсат Ілиясұлы, қоғадық белсенді.
Мақсат Ілиясұлы, қоғадық белсенді.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында жұма күні "Алаш жолы" қоғамдық бірлестігін жабуға қатысты сот отырысы өтті. Бірлестікті жабу туралы шағымды 8 қарашада Астана қалалық прокуратураның ұсынысымен мемлекеттік кіріс басқармасы түсірген. "Алаш жолы" республикалық қоғамдық бірлестігі әділет министрлігінде шілде айында тіркелген.

Істі қараған судья Мақсат Сембин сотқа журналистерді қатыстырғанымен, сот залында бейне және аудио жазба жүргізілетінін, Азаттық тілшілеріне сот барысын камераға түсіруге рұқсат бермеді. Сотта шағымданушы тарап өкілі бірлестіктің он құрылтайшысы ретінде көрсетілген екі адамның "ұйымды құруға қатысымыз жоқ" деп шағымданғанын, сол себепті қоғамдық қозғалысты жабу керегін айтты. Әділет министрлігінің өкілі оны қолдады.

Судья бұл істі созбау үшін тез арада жарыссөзді бүгін өткізуді ұйғарғанын айтты. Ал, бірлестік мүшелері негізгі тыңдаулар жасамай, жарыссөзге өтуді ұсынған судьяға наразылық танытып, оны ауыстыру туралы қалалық сот төрағасының атына арыз жазды. Бірақ, олардың талабы орындалмады. Осыдан соң "Алаш жолы" белсенділері сотқа бо йкот жариялады.

Қоғамдық белсенді Мақсат Ілиясұлы сот судьяға наразылықтарын да қанағаттандырмағандықтан процеске қатысудан бас тартқанын, егер сот заңсыз шешім шығарса апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты.

2017 жылдың 17 шілдесінде қоғамдық бірлестік болып ресми түрде тіркелген. Бірлестік мүшелерінің сөзінше, қоғамдық ұйым Қазақстанда өткен жер минтингілері кезінде билікке "шетелдіктерге жерді жалға бермеу және сатпау туралы" талап қойған.

XS
SM
MD
LG