Accessibility links

Ресей билігі "Азаптауға қарсы комитетке" айыппұл салды


Ресейлік құқыққорғаушы Игорь Каляпин.
Ресейлік құқыққорғаушы Игорь Каляпин.

Ресейде әділет министрлігінің талабын орындамай, "шетел агенті" ретінде тіркелуден бас тартқаны үшін "Азаптаудың алдын алу комитеті" құқыққорғау ұйымына 400 мың рубль айыппұл салынған. Бұл туралы Азаттыққа осы ұйымның жетекшісі Игорь Каляпин хабарлады.

"Азаптаудың алдын алу комитеті" бұрын "Азаптауға қарсы комитет" деп аталған. Құқыққорғаушылар екі жыл бұрын "шетелдік агент" деп атамас үшін ұйымды қайта тіркеуден өткізген.

Қазіргі кезде кері процесс жүріп жатыр: Нижний Новгород қаласындағы "Азаптауға қарсы комитет" қайта тіркеуден өтіп жатыр. Осылайша, Игорь Каляпиннің сөзінше, "екі айдан бері жою кезеңіндегі" ұйымға әділет министрлігі айыппұл салып отыр. "Біз кезекті заңды тұлғаны жою шарасын қолға алсақ болды, олар соны байқаған сәтте ендігі жоқ ұйымға айыппұл салуды бастайды. Сірә, репрессия бойынша жоспарды осылайша орындайтын болса керек" дейді ол Азаттықтың Орыс қызметіне.

Каляпин қазіргі кезде Ресейдегі ең танымал құқыққорғау ұйымдарының бірінің тағдырына алаңдаушылық білдіргендерді мазасызданбауға шақырды. "Алаң болмаңыздар, барлығы орынша. Біз ешқайда кетпейміз. 2017 жылғы 19 шілдеден бастап қайтадан "Азаптауға қарсы комитет" ретінде жұмыс істейміз. Бұрынғы таризи атауымызды қайтарып алдық. Шетелдік агент емеспіз, уайымдамаңыздар" дейді Игорь Каляпин.

XS
SM
MD
LG