Accessibility links

БАҚ: Панамадағы Ресей СІМ нысанында екі адам қайтыс болған


Мәскеудегі Ресей сыртқы істер министрлігі ғимараты.
Мәскеудегі Ресей сыртқы істер министрлігі ғимараты.

Панама еліндегі Ресей елшілігі ғимаратының құрылысында кемінде екі адам қаза болған. Бұл туралы ақпаратты ресейлік "Новая газета" басылымы жариялады.

Газеттің зерттеу материалдары бойынша сыртқы істер министрлігі жалдаған мердігер компания Панамадағы елшілік құрылысын салуға Ресейден турист ретінде жұмысшылар жіберіп отырған. Жұмысшыларға айына 1200 доллар еңбекақы төлеуге уәде еткен, бірақ олардың көпшілігі ақша алмаған. Қазанның 5-і күні құрылыс нысанында Сергей Скотников деген жұмысшы жүрегі қысып қайтыс болған. Бұл ақпаратты басылым журналистері сөйлескен марқұмның жесірі растаған. Оған дейін құрылыс басында Сергей есімді тағы бір жұмысшы қайтыс болған.

Панама републикасындағы Ресей елшілігі ғимаратының құрылысы 2008 жылы салынып бітуі тиіс болған. Алайда нысандағы құрылыс жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Елшілік мердігері – "Ремстрой-Алексс" компаниясы. Соңғы 11 жылда Ресей сыртқы істер министрлігі үшін жалпы сомасы 400 миллион доллардан асатын жұмыстар атқарған.

XS
SM
MD
LG