Accessibility links

АҚШ үкіметі Голодомор құрбандарын еске алды


Киевте Голодомор құрбандарына орнатылған ескерткіш.
Киевте Голодомор құрбандарына орнатылған ескерткіш.

АҚШ мемлекеттік департаменті Украинада 84 жыл бұрын болған ашаршылық (Голодомор) зұлматының құрбандарын еске алды. Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Хизер Нойерт:

- Осы айда біз Сталин тұсында жүргізілген совет саясатының озбырлығынан 1930-жылдардың басында аштан қырылған миллиондаған украиндарды құрметпен еске аламыз, - деп мәлімдеген.

АҚШ мемлекеттік департаменті өткен ғасырда Украинада болған ашаршылық жөнінде "украин жері мен егінін жабайылықпен басып алу жиырмасыншы ғасырдағы ең қатыгез оқиғалардың бірі - Голодоморға алып келді және Еуропаның астыққа бай өлкесін сансыз адам қайғы-қасірет шеккен елге айналдырды" деп баға берген.

Мәлімдемеде Голодоморды еске алу маңызды оқиға екені, сонымен бірге "ашаршылық құрбаны болған жақындарын жадынан шығармай, осынау сұмдықты басынан өткеріп, тірі қалғандардың ерлігі" де атап өтуге лайықты екені айтылған. "Түптің түбінде совет режимі украин халқының өзіндік ерекшелігі мен тәуелсіздігін жоя алмады" дейді мемлекеттік департамент.

Украина халқы "советтік тәртіп әкелген қасіретті оқиғаны еске алып атап өткенде және оны тарихи факт ретінде жоққа шығаруға тырысатындарды айыптаған кезде" Құрама Штаттардың онымен бірге екені айтылған. АҚШ Украинаның сыртқы агрессия мен басқыншылықтан азат, өз болашағын өзі таңдайтын, қауіпсіз және гүлденген ел болуына мүдделі екенін қуаттайды делінген мемлекеттік департамент мәлімдемесінде.

Украинада жыл сайын қарашаның төртінші сенбісінде 1932-1933 жылдары совет билігі тұсында болған жаппай ашаршылық - Голодомор құрбандарын еске алады. Киевтің Птуха атындағы демография және әлеуметтік зерттеулер институтының мәліметтері бойынша, совет билігі кезіндегі Голодомор салдарынан сол кездегі республика халқының 13 пайызы, яғни төрт миллионға жуық адам қаза болған.

Украинадағы Голодмор құрбандары туралы Азаттық видеосы:

Ашаршылық зұлматының ұмытылған құрбандары
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:18 0:00

XS
SM
MD
LG