Accessibility links

Оралда жер үйдегі жарылыстан алты адам зардап шеккен


Зачаганск кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлер. Орал, 13 қазан 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)
Зачаганск кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлер. Орал, 13 қазан 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)

Орал қаласының шетіндегі Зачаганск кентінде жеке меншік үйде болған жарылыс салдарынан зардап шеккен алты адам ауруханаға түскен деп хабарлайды Тengrinews сайты.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, төтенше қызметке суыт хабар сенбі күні таңертеңгі сағат он шамасында түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, Бөкенбай көшесіндегі жеке меншік үйде газ бен ауа қоспасы жарылып, салдарынан үйдің мансардасының маңдайшасы құлаған. Денесінің 85 пайызын күйік шалған 37 жастағы жүкті әйел облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін айтады.

40 мыңнан астам тұрғыны бар Зачаганск кентінде облыстық балалар ауруханасы, төрт орта мектеп, отбасылық үлгідегі облыстық балалар ауылы, облыстық мектеп-интернат санаторийі және аграрлық-техникалық университет орналасқан.

XS
SM
MD
LG