Accessibility links

БАҚ: Трампқа Украинаға қару сатуға кеңес береді


АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) және Украина президенті Петр Порошенко. Нью-Йорк, 21 қыркүйек 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) және Украина президенті Петр Порошенко. Нью-Йорк, 21 қыркүйек 2017 жыл.

АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесі ел президенті Дональд Трампқа ресейлік агрессиямен бетпе-бет келген Украинаның қорғаныс қабілетін нығайтуы үшін америкалық қару-жарақ сатып алуын қаржыландыру туралы ұсыныс жасамақ. Бұл туралы сенбі күні АҚШ мемлекеттік департаментіндегі дереккөзіне сілтеме жасап ABC телеарнасы хабарлады.

Өткен сейсенбіде Трамптың ұлттық қауіпсіздік кеңесіндегі жақын көмекшілері Киевке қайтарымсыз несие ретінде 47 миллион доллар бөлу туралы шешім қабылдаған. Ол несие Украинаға қазіргі заманғы танкіге қарсы қолдануға арналған Javelin тәрізді әскери зымыран кешенін сатып алуы үшін берілмек. Қару-жарақ сату туралы шешімді президент пен конгресс мақұлдауы керек.

Өткен айда Украина парламентінің депутаттары Вашингтонмен екіжақты қарым-қатынастардың "шапшаң" жақсара түскеніне разы екендерін айтқан. Тамызда Украинада болған АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Киевке қорғаныс мақсатындағы қару-жарақ түрінен әскери көмек беру мәселесін қайта қарастыруға уәде берген.

Соңғы бірнеше жылдың ішінде Украинаға жалпы сомасы 750 миллион долларға жуық америкалық әскери көмек берілген.

XS
SM
MD
LG