Accessibility links

Гильмендте Талибан түрмесінен ондаған адамды азат еткен


Бақылау-өткізу бекетінде тұрған ауған қауіпсіздік күштері өкілдері. Майуанд ауданы, Қандағар уәлаяты. 14 қараша 2017 жыл.
Бақылау-өткізу бекетінде тұрған ауған қауіпсіздік күштері өкілдері. Майуанд ауданы, Қандағар уәлаяты. 14 қараша 2017 жыл.

Ауғанстанның Гильменд уәлаятында ауған және шетелдік арнайы бөлімшелер жүргізген рейд барысында Талибан қозғалысы қамауда ұстаған кемінде отыз адам босатылғаны туралы әскерилер мен жергілікті билік өкілдері хабарлаған.

Ресми адамдардың берген ақпараты бойынша, Наузад ауданында жүргізілген операция нәтижесінде тұтқыннан босатылғандардың арасында төрт кішкентай бала мен екі полиция қызметкері бар. Бұған дейін Талибан өкілдері жиырмаға жуық адамды "билікке болыстыңдар" деген уәжбен немесе үкіметтің әскери я полиция қызметкерлерінің туыстары болғаны үшін ұстап әкеткен.

Тұтқында болған тағы алты адамның қандай себеппен қамауға түскені бүгін анықталып жатыр деп хабарлады әскерилер өкілі Абдул Кадир Бахадурзай.

Талибан қозғалысы таратқан мәлімдемесінде тұтқыннан босатылғандарды бірнеше қылмысқа, соның ішінде ұрлыққа қатысы бар, сотқа тартылуы тиіс болған қылмыскерлер деп атаған.

"Ол түрмеде қарсыластардан ешкім болған жоқ, сол себепті оның күзеті де мықты емес болатын", - деп мәлімдеген Талибан өкілі Кари Юсуф Ахмади.

XS
SM
MD
LG