Accessibility links

Анталияда Ресей, Иран мен Түркия сыртқы істер министрлері кездесті


Түркияның Анталия қаласындағы Kremlin Palace мейманханасы.

Түркияның Анталия қаласында бүгін Ресей, Иран мен Түркия сыртқы істер министрлері Сергей Лавров, Жавад Зариф пен Мевлют Чавушоглудың қатысуымен келіссөздер басталды. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, кездесуде Сирия дағдарысын реттеу және 22 қарашада Сочиде өтеді деп жоспарланған Ресей, Иран мен Түркия басшылары саммитіне дайындық жайы талқыланады.

Сирияда алты жылға созылған азамат соғысы барысында жүздеген мың адам қаза тауып, миллиондаған тұрғын мекен-жайын тастап, басқа жаққа кетуге мәжбүр болған. Ресей мен Иран Сирия президенті Башар Асадтың үкіметін жақтайды, Түркия болса Асад режиміне қарсы қарулы күрес жүргізіп жатқан кейбір оппозициялық топтарды қолдайды.

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG